ҚАЗ РУС 12 желтоксан 2018 ж.







30.11.2018
«Елбасы – ел тірегі» дөңгелек үстелі

2018жылдың 30 қарашасында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінде ҚР Тұңғыш Президент күніне қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Д.Ж.Ақышовамен «Елбасы – ел тірегі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге I курс және II курс студенттері қатысты.

Мақсаты: студенттердің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қызметі туралы білімдерін тереңдету. Мемлекет басшысының тәуелсіз, гүлденген, демократиялық мемлекетті дамытудағы тарихи рөлін ашу.

Іс-шара ҚР Гимнімен басталды. Дөңгелек үстелге қатысушылар баяндамаларымен сөз сөйледі және талқыланды.

30.11.2018
«Әлемдік деңгейдегі Президент» ақпараттық сағат

2018 жылдың 30 қарашасында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжіңің кітапханасында кітапханашы Т. А. Таранмен ҚР Тұңғыш Президенті күні аясында «Әлемдік деңгейдегі Президент» ақпараттық сағат өткізілді. Іс-шараға Т-11 және СТС-21 топтары қатысты.

Іс-шараға қатысушылар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың нақты саясатының арқасында біздің еліміз жаңа астанамен және дамыған нарықтық экономикамен, 2050 жылға қарай әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру жолын сенімді түрде алған ұлтаралық келісімнің үлгісіне айналғанын бүкіл Қазақстан халқы білетінін және әлемдік қоғамдастық мойындайтынын айтты. Ал қазақстандықтардың жас буыны «Назарбаев моделі» жолының басы алғашқы бүкілхалықтық Президент сайлауы болғанын есте сақтауы тиіс.

Іс-шара барысында Мемлекет басшысына арналған қазақ және орыс тілдерінде өлең жолдары оқылды, Н. Ә. Назарбаевтың өмір жолы туралы слайдтар, «Н. Ә. Назарбаев – дәуір адамы» бейнефильм, Н. Ә. Назарбаевтың «Менің қалам» өлеңіне жазылған әннің бейнеклипі көрсетілді. Кітапхананың оқу залында «Қазіргі заманның көрнекті көшбасшысы» атты кітап көрмесі ресімделді.

Подробнее
30.11.2018
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған концерт-байқауы

30 қарашада қалалық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған концерт-байқауы өтті. Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің Л-11 топ студенттері іс-шараға шақырылды. Студенттер Президентіміздің өмір тарихын толық біліп, оның сүйікті әндерін тыңдады.

29.11.2018
«Самырұқ–2018» Облыстық Жастар форумы

2018 жылдың 29 қарашасында Петропавлда«Самырұқ–2018» Облыстық Жастар форумы өтілді. Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің студенттері – «Еріктілер» және «Ғылым және IT-саласы» сұхбат алаңдарына барды, мұнда жаңа ақпараттық жобалар мен идеяларды талқылап, оған белсенді қатысуға ұсынылды, өйткені қазір-өз уақытын қызықты әрі пайдалы өткізуге көмектесетін гаджеттер ғасыры.

Аймақтық коммуникация қызметінің ақпараты бойынша, жастардың үздік өкілдерін 10 номинация бойынша марапаттады, оның ішінде "Жыл таланты", "Жыл Батыры", "Жыл серпіні", "Үздік волонтер" және "Үздік спортшы".

Барлық аудандар мен Петропавл қаласының жастары қатысты. Ресейден қонақтар келді. Форум аясында Солтүстік Қазақстан облысының ең ірі жастар жобаларына арналған өзінің алғашқы жастар журналы таныстырылды. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет келесі жыл Жастар жылы деп жарияланғанын, бұл жас ұрпаққа өз әлеуетін іске асыруға мүмкіндік беретіндігін атап өтті.

Форумға қатысушылар мен қонақтар үшін қаланың үздік шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті. Соңында бес қабатты мерекелік торт тосынсыйы күтті.

Подробнее
29.11.2018
Оқушылар сарайына саяхат

2018 жылдың 28 қарашасында Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің студенттері Оқушылар сарайына саяхатқа шақырылды. Қонақтарды THESPIAN роботы қарсы алды. Б-11 топ студенттеріне LEGO, SDR радиосы, 3D-прототиптеу, дрон, робототехника, мехатроника және т.б. кабинеттер көрсетілді. Сонымен қатар балалар виртуалды шындық кабинетіне, анимациялық студияға, заманауи биотехнологияларға интерактивті оқыту сыныбына барды.

Сарай балалар мен жасөспірімдерді қосымша дамыту үшін арнайы жоба бойынша салынған. Бүгінде мұнда 87 үйірме ашылды. Сонымен қатар сарайда әр түрлі жастағы 1 800 бала айналыса алады.

Подробнее
Страница 1 из 99